12-13 қазанда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
Оқи отырыңыз: Ердоғанды қазақтарға жағымды етіп көрсетудің астарында не жатыр?
Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр айында Түркияға барған сапарында Режеп Тайып Ердоғанды Қазақстанға шақырған еді.
Ақорда бұдан бөлек келесі аптаға жоспарланған ресми іс-шаралар туралы ақпарат жариялады.
11-12 қазанда Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Танидың Қазақстанға мемлекеттік сапары жоспарланған.
13 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді. Шара аясында Президент мемлекеттер мен үкіметтер басшыларымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.
14 қазанда Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесі және “Орталық Азия – Ресей” саммиті жоспарланған.