Ердоған келесі аптада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

0
187
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

12-13 қазанда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Оқи отырыңыз: Ердоғанды қазақтарға жағымды етіп көрсетудің астарында не жатыр?

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр айында Түркияға барған сапарында Режеп Тайып Ердоғанды Қазақстанға шақырған еді.

Ақорда бұдан бөлек келесі аптаға жоспарланған ресми іс-шаралар туралы ақпарат жариялады.

11-12 қазанда Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Танидың Қазақстанға мемлекеттік сапары жоспарланған.

13 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді. Шара аясында Президент мемлекеттер мен үкіметтер басшыларымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.

14 қазанда Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесі және “Орталық Азия – Ресей” саммиті жоспарланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз