Апта соңы Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

0
194
photo: Астана әкімдігі баспасөз қызметі

8-9 қазанда елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде өз өнімдерін Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының тауар өндірушілері ұсынады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеге 130-ға жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады. Ассортимент 1200 тоннадан астам өнімді құрайды.

Олардың ішінде: картоп пен көкөністер – 741 тонна, еттің барлық түрі және шұжық өнімдері – 208 тонна, сүт өнімдері – 45 тонна, балық – 20 тонна, бал – 26 тонна, ұн мен макарон өнімдері – 148 тонна, жұмыртқа – 125 мың дана, сондай-ақ осы өңірлерде өндірілетін өзге де өнімдер.

“Барлық өнімдер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болады, сатушыларда өнімдердің шығу тегін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар болады. Сондай-ақ, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама дайындалды”, – делінген әкімдік сайтында.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жәрмеңке ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін делдалсыз тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді, нәтижесінде олардың өнімдерінің бағасы нарықтық бағадан 10-20% төмен болады.

Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері 30 қазанға дейін өтеді. Өтетін орны: Тұран 48 мекенжайындағы “Астана-Арена” стадионының жанындағы алаң. Келесі болып өз өнімін Павлодар облысының кәсіпкерлері ұсынады – 15-16 қазан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз