Дзюдодан әлем чемпионаты: Сметов пен Абужакынова қола медаль алды

0
186
Сурет: olympic.kz

Тәшкентте өткен дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық Елдос Сметов пен Абиба Абужакынова қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

6 қазанда 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде турнирдің басты жекпе-жегінде Сметов өзбекстандық Дилшодбек Баратовпен кездесті. Негізгі уақыт ұпай жинамай аяқталды. Алайда, қосымша уақыттағы Сметовтың жеңіс ұпайы оған қола медаль әкелді.

фото: olympic.kz, Абиба Абужакынова

Ал әйелдер арасында 48 келіге дейінгі санаттағы үшінші орын үшін Абиба Абужакынова Мари Де Варгас Леймен (Чили) кездесті. Қосымша уақытта қарсылас үш ескерту алды, бұл қазақстандықты марапат иегері етті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз