Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай баллистикалық зымыран ұшырды

0
185
epa08737328 A photo released by the official North Korean Central News Agency (KCNA) shows North Korea's new intercontinental ballistic missile (ICBM) during a military parade at the Kim Il Sung Square during celebrations of the 75th anniversary of the founding of the Workers' Party of Korea (WPK), in Pyongyang, North Korea, 10 October 2020 (issued 12 October 2020). EPA/KCNA EDITORIAL USE ONLY

Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай тағы екі баллистикалық зымыран ұшырды. Бұл жағдайды Пхеньян АҚШ пен оның одақтастарының Корей түбегі аймағындағы әрекеттеріне байланысты өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр деп түсіндіруде, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кейінгі күндері Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруынан кейін аймақтағы жағдай ушығып кетті. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында АҚШ-тың тұрақты өкілі Линда Томас-Гринфилд Пхеньянға қатысты санкция режимін күшейтуге шақырды.

“Біз БҰҰ-ға мүше барлық мемлекетті, әсіресе Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерін ақылға сыймайтын осы әрекетті айыптауға қосылуға және КХДР-ды өзінің заңсыз қару-жарақ бағдарламаларынан толық, тексерілетін және қайтымсыз түрде бас тартуға, сондай-ақ ядролық қарусыздандыру бағытында дипломатияны қолдануға шақырамыз”, – деді БҰҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Линда Томас-Гринфилд.

Соған қарамастан Қауіпсіздік кеңесінің отырысы нәтижесіз аяқталды. Ресей мен Қытай АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап ретінде Вашингтонды аймақтағы текетіресті күшейтпей, керісінше бітімгершілік жолына түсуге шақырды.

Бұған дейін, кейінгі 5 жыл ішінде алғаш рет 4 қазан күні Солтүстік Корея Жапония аумағы үстінен баллистикалық зымыран ұшырды. Жапония билігі солтүстік-шығыс аймақтардың тұрғындарын уақытша эвакуациялауға және пойыздардың жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз