20 қарашада президенттікке үміткерлер өз дауыстарын берді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде дауыс берді. Ол кандидатурасын бірнеше саяси партия мен республикалық қоғамдық бірлестік халықтық коалиция ретінде ұсынды.
Бұдан бөлек президенттіктен үміткер Нұрлан Әуесбаев өз дауысын «Наз» мемлекеттік би театры ғимаратында құрылған №189 сайлау учаскесінде берді.
Н.Әуесбаев Қазақстан Республикасы президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан ұсынылған болатын.
ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев сайлауға «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан түсті. Ол өз отбасымен және туыстарымен дауыс беруге таңғы 7:00-де Түркістан көшесінде орналасқан 396 сайлау учаскесіне келді.
«Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан кезектен тыс президент сайлауына Қарақат Жақсылыққызы Әбден елордадағы 38-ші көше бойындағы №135 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Ол сайлауға ата-анасымен келген.