Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді

0
165
Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беріп болған соң журналистер сұрағына жауап беріп тұр. Photo: Kazaknews.kz

20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы басталды. Астана қаласындағы #59 учаскеде қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді. 

“Шын мәнінде биылғы жыл оңай болған жоқ. Бірақ халқымыз жұмылып қиындықтардыың бәрін еңсерді. Енді алдымызда тұрған өте маңызды, ауқымды міндеттер, мақсаттар бар. Ең алдымен маған халық дауыс беретін болса бағдарламамды бәріміз жүзеге асырып, орындауымыз керек. Сондықтан жұмыс көп”, – деді Тоқаев.

Жексенбі күні дауыс бергеннен кейін Тоқаев журналистердің бірнеше сұрағына жауап берді. “Саяси қайта жаңғыру” туралы сұрақтарға жауап берген Тоқаев “үкімет жұмысында қалады, бірақ үкімет және өзге ведомстволар құрамында әрине, өзгерістер болады” деді. Ол жыл соңына қарай парламент сайлауының мерзімі туралы мәлімдеме жасайтынын айтты. Тоқаев сайлауға дейін бірнеше жаңа саяси партия тіркелуі мүмкін екенін жеткізді.

Елдегі дауыс беру учаскелерінің 86-сы таңғы сағат 6-да ашылған. Қалғаны жұмысын таңертеңгі сағат 7-де бастады.

Қазақстанда 12 млн-ға жуық адамның дауыс беруге құқығы бар.

Орталық сайлау комиссиясы президенттікке алты кандидатты тіркеген: “Халықтық коалиция” кандидаты, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев, кәсіби әлеуметтік жұмысшылардың ұлттық альянсы кандидаты – Қарақат Әбден, жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан Нұрлан Әуесбаев, “Ауыл” кандидаты Жигули Дайрабаев, “Аманат” кәсіподақтар достастығы атынан Мейрам Қажыкен және “Қазақ аналары — дәстүрге жол” кандидаты Салтанат Тұрсынбекова.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз