Президент сайлауы: Кандидаттар дауыс берді

0
166
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының кандидаты Нұрлан Әуесбаев.

20 қарашада президенттікке үміткерлер өз дауыстарын берді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде дауыс берді. Ол кандидатурасын бірнеше саяси партия мен республикалық қоғамдық бірлестік халықтық коалиция ретінде ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беріп болған соң журналистер сұрағына жауап беріп тұр. Photo: Kazaknews.kz

Бұдан бөлек президенттіктен үміткер Нұрлан Әуесбаев өз дауысын «Наз» мемлекеттік би театры ғимаратында құрылған №189 сайлау учаскесінде берді.

photo: tengrinews

Н.Әуесбаев Қазақстан Республикасы президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан ұсынылған болатын.

ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев сайлауға «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан түсті. Ол өз отбасымен және туыстарымен дауыс беруге таңғы 7:00-де Түркістан көшесінде орналасқан 396 сайлау учаскесіне келді.

photo: tengrinews

«Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан кезектен тыс президент сайлауына Қарақат Жақсылыққызы Әбден елордадағы 38-ші көше бойындағы №135 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Ол сайлауға ата-анасымен келген.

фото: tengrinews

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз