Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауында дауыс берді

0
103
фото: Turar Kazangapov

20 қарашада кезектен тыс президент сайлауында бұрынғы президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дауыс берді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Экс-президент “Астана Опера” театрындағы сайлау учаскесінде өз дауысын берді. Нұрсұлтан Назарбаев дауыс беру үшін сайлау учаскесіне сағат 11:24-те келді. Назарбаевқа таңдауы туралы қойылған сұраққа өзі кімге билікті ерікті түрде бергенін айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс бергенін білдірді.

Айта кетейік, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы отставкаға кететінін жариялаған кезде президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидаттығын ұсынған еді.

фото: Turar Kazangapov
фото: Turar Kazangapov

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз