Назарбаев інісінің соты жайлы: Шешім әділ деп ойлау керек

0
123
фото: Turar Kazangapov

20 қарашада кезектен тыс сайлауда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев өз дауысын бергеннен кейін журналистер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Қазақстанның тұңғыш президенті Назарбаев журналистер тарапынан келген Қайрат Сатыбалдыұлының сотының әділдігіне байланысты сұраққа байыппен жауап берді.

“Соттың шешімі әділ деп ойлау керек, әділ болмаса, оған сенбеген адам қарсы болып өзінің арызын беру керек. Қазір қайда барғанда да сот жүйесі шешеді мәселені”, – деді экс-президент Назарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 26 қыркүйекте Астана қаласының соты Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыны алты жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі орта дейгейдегі колонияда өтейді. Қайрат Сатыбалдыға “Қазақтелеком” мен “КСО” компанияларының аса ірі көлемдегі қаржысын жымқырды деген айыппен соттады. Оның үстінен “алдау жолымен мүліктік залал келтірді”, “сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салды” деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз