Дональд Трамптың Twitter–де бұғатталған парақшасы қайта ашылды

0
112

Twitter әлеуметтік желісі АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың бұғатталған парақшасын қайта ашты, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Украина Сейчас телеграм арнасына сілтеме жасап.

Дональд Трамптың әлеуметтік желідегі парақшасының қайтадан іске қосылғаны жөнінде Twitter–дің жаңа атқарушы директоры Илон Маск жариялады. Ол желі қолданушылары арасында сауалнама жасап, нәтижесі бойынша әрекет еткен.

“Халық өз сөзін айтты. Трамптың парақшасы қайта ашылады. Vox Populi, Vox Dei (халықтың дауысы – Құдайдың дауысы, лат.)”, – деп жазды Илон Маск.

Сауалнамаға 15 миллионнан астам әлеуметтік парақша қатысқан. Оның 51,8 пайызы Дональд Трамптың парақшасының қайтарылуына дауыс берген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз