Назарбаев сайлаудан соң Мәсімовтің ісі туралы пікір білдірді

0
55
фото: gazeta.uz

20 қарашада кезектен тыс сайлауда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев өз дауысын бергеннен кейін журналистер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Қазақстанның тұңғыш президенті Назарбаев журналистер тарапынан келген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің ісіне байланысты сұраққа жауап берді.

“Бұған менде алаңдаулымын. Менде қандай себеппен болған жағдай екенін, мұның артында кім тұрғанын білу үшін тергеу мен сот ісінің аяқталғанын күтудемін. Мәсімов менімен бірнеше жыл бірге жұмыс істеді. Алайда кім білген… мысалы Иса пайғамбарда кезінде қасында отырған яһудидің сатқын болатынын білді ме? Сондықтан сот шешімін күтеміз. Сөйтіп бар шындыққа көзіміз жетеді деп ойлаймын”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, Кәрім Мәсімов биыл Қаңтар оқиғасы кезінде қамауға алынған. Бас прокуратура таратқан мәліметке қарағанда, ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Әнуар Садықұлов мемлекетке опасыздық жасау (ҚК 175-бабының 1-бөлігі), билікті күшпен басып алу (ҚК 179-бабының 3-бөлігі), ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазым өкілетін өзіне және басқаларға пайда мен артықшылық алу мақсатында асыра пайдалану (ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы) туралы баптар бойынша сотқа берілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз