19 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Қырғызстандағы Қазақстан елшісі Қайрат Нұрпейісов қызметінен босатылып, орнына Рәпіл Жошыбаев тағайындалды. Дипломатиядағы ауыс-түйістерді Ақорда сайты хабарлады.
Үндістандағы Қазақстан елшісі Ерлан Әлімбаевтың орнына Нұрлан Жалғасбаев барды.
Ерлан Әлімбаев Үндістанмен қатар Шри-Ланка, Бангладеш, Непал, Бутан, Мальдив елдеріндегі Қазақстан өкілетті елшісі лауазымын қоса атқарудан босатылды.
Қазақстанның Бельгия корольдігіндегі елшісі лауазымына, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстанның өкілдігінің басшысы лауазымына Марғұлан Баймұхан тағайындалды.