Тоқаев бірнеше мемлекетте елшілерді ауыстырды

0
111
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

19 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Қырғызстандағы Қазақстан елшісі Қайрат Нұрпейісов қызметінен босатылып, орнына Рәпіл Жошыбаев тағайындалды. Дипломатиядағы ауыс-түйістерді Ақорда сайты хабарлады. 

Үндістандағы Қазақстан елшісі Ерлан Әлімбаевтың орнына Нұрлан Жалғасбаев барды.

Ерлан Әлімбаев Үндістанмен қатар Шри-Ланка, Бангладеш, Непал, Бутан, Мальдив елдеріндегі Қазақстан өкілетті елшісі лауазымын қоса атқарудан босатылды.

Қазақстанның Бельгия корольдігіндегі елшісі лауазымына, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстанның өкілдігінің басшысы лауазымына Марғұлан Баймұхан тағайындалды. 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз