Футбол: Жаңа “Супер Лига” турнирі құрылды

0
103

Еуропаның жетекші футбол клубтары жаңа “Супер Лига” турнирін жариялады. Жоспар бойынша лига тамыз айында басталады. Бұл туралы thesuperleague.com сайтында жарияланды.

“Супер Лига” – Еуропаның үздік 20 футбол клубының арасындағы турнир. Әзірге турнирге қатысуға 12 команда келісім берді. Олар:

“Милан”, “Арсенал”, “Атлетико Мадрид”, “Челси”, “Барселона”, “Интер”, “Ювентус”, “Ливерпуль”, “Манчестер Сити”, “Манчестер Юнайтед”, “Реал Мадрид” және “Тоттенхэм Хотспур” клубтары. Оған тағы үш клуб жаңа маусым қарсаңында қосылуы мүмкін.

Интернетте әзірге жаңа лига жөнінде УЕФА мен ФИФА-ның жағымсыз көзқараста екені, онда ойнайтын клубтар мен ойыншыларды басқа да жарыстарға және ұлттық құрамаларына жіберілмейтіні туралы ақпарат тарап жатыр.

Байқау форматы:

  • 20 қатысушы команда болады. Олардың 15-і лиганың құрушы клуб есебінде қатысса, қалған бес клуб өткен маусымдағы жетістіктеріне байланысты іріктеледі;
  • Матчтар апта ішінде өтеді.  Барлық қатысушы клубтар өздерінің ұлттық лигаларында дәстүрлі ішкі матч күнтізбесін сақтай отырып, жарысты жалғастырады;
  • Жарыс тамыз айында басталып, командалар 10 клубтан екі топқа бөлінеді. Матчтар өз алаңында және сырт алаңдағы болып бөлінеді;
  • Топтағы алғашқы үш клуб 1/4 финалға жолдама алады. Төртінші және бесінші орын иеленген командалар қалған ширек финал позициялары үшін екі матчтан тұратын плей-оффта жарысады.

Лига басталмай тұрып құрылтай клубтары өздерінің міндеттемелерінің орнына инфрақұрылымға инвестициялау жоспарын қолдау және COVID-19 пандемиясының салдарын өтеу үшін 3,5 миллиард еуро алады.

Испаниялық Реал Мадрид командасының президенті Флорентино Перес Супер Лиганың алғашқы төрағасы атанды. Ал вице-төрағалары болып “Ювентус” басқарма төрағасы Андреа Аньелли және “Манчестер Юнайтедтің” тең төрағасы Джоэль Глейзер сайланды.

Андреа Аньелли (“Ювентус” Басқарма Төрағасы) және Флорентино Перес (Реал Мадридтің президенті)
Джоэль Глейзер (“Манчестер Юнайтедтің” тең төрағасы)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз