Өткен тәулікте үш мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

0
134
Photo: Turar Kazangapov

Қазақстанда өткен тәулікте 2719 адамның коронавирус тесті оң шыққан. 35 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ел астанасында науқастар (436) күрт артқан. Алматыда бір күнде 665 науқас тіркелді. Алматы облысында 251 науқас анықталған. Қарағанды облысында – 220, Ақтөбе облысында – 206, Батыс Қазақстан облысында – 205, Шымкент қаласында – 114, Атырау облысында – 110 науқас тіркелген.

Өткен жылдың наурыз айынан бері 289 720 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Содан бері 3 406 адам қайтыс болған. Бұған қоса, 751 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады. 1 тамыздан бері 51 879 адамға коронавирус пневмония диагнозы қойылған.

Қазір 38 620 адам коронавирустан емделіп жатыр. 38 218 адам коронавирустан, 402 адам пневмониядан емделуде. 176 адамның жағдайы өте ауыр. 99 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, 142 млн адамға коронавирус жұққан, 3 млн адам қайтыс болған

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз