Оралу
Cпорт Ұлттық футбол құрамасының бас бапкері қызметінен кетті
Футболдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Александр Бородюк қызметінен кетті.
ҚР футбол федерациясы хабарлағандай, ресейлік маман құрамадан кетеді, келісімшарт екі тараптың келісімімен тоқтатылды.
Атап өтерлігі, А. Бородюк жаттықтырған кезеңде 2017 жылы құрама команда жеті матч өткізіп, алтауында жеңіліс тапса, біреуінде есеп теңбе-тең болды.
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың жаңа жаттықтырушысы жақын арада жарияланатынын мәлім етті.