2024 жылы Қазақстанда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі министр Дәурен Абаевтың Facebook парақшасына сілтеме жасап.
IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Түркия елінде өтті. Нәтижесінде еліміз 9 медаль жеңіп алды. Шараның жабылу салтанатында Түркияның Жастар және спорт министрі Мехмет Касапоглу аталған ауқымды шараның эстафетасын Қазақстанға табыстады.
“Яғни, ресми түрде Қазақстан – 2024 жылғы 5-ші Дүниежүзі көшпенділер ойындарын өткізуші мемлекет ретінде белгіленді. Бұл – айтарлықтай қуаныш, әрі аса жауапты жұмыс. Мыңжылдықтардың мұрасына ие, көшпелі дала салтын ұлықтаған ел ретінде бұл дүбірлі доданы жоғары деңгейде өткіземіз деп сенемін”, – деп жазды министр Дәурен Абаев.