Бүгін Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов Өзбекстанға 2034 жылғы футболдан әлем чемпионатын бірлесіп өткізуге ұсыныс жасады, деп хабарлады белгілі спорт журналисі Бек Төлеуов.
«Өзбектер келіссе шамамен Алматы, Шымкент, Астана, Түркістан, Ташкент, Самарқант, Бұхара, Әндіжанда футбол тойы болып қалуы керек. ФИФА сегіз қалада өткізуге рұқсат етеді.
Әлем чемпионаты Қазақстанның 4, Өзбекстанның 4 қаласында өту керек қой. Ашылуы Алматы, финал Ташкентте дегендей болады», деп жазды Б.Төлеуов.