Кіші футболдан чемпиондар лигасының 1/2 финалында Алматы қаласының “АФК ҚАйрат” футзал командасы Задар қаласында испаниялық “Барселона” командасына есе жіберді.
Задар (Хорватия) қаласындағы Крешемира Чосича спорт кешенінде өткен матчта “Қайрат” командасы 3-2 есебімен жеңіліс тапты. Ал, “Барселона” командасы финалда, испаниялық “Интер” клубын жартылай финалда 5-2 есебімен жеңген португалиялық “Спортинг” командасына қарсы (3 мамыр күні) өткізеді.
Естеріңізге сала кетейік, “Спортинг” командасының құрамында қазақстандық Тайнан өнер көрсетеді.
“Қайрат” сапында қақпада әдеттегідей Игита (қызыл қағаз) емес, 19 жасар Нарун Серіков тұрды. Ойынның 16 минутында “Барселона” сапындағы Феррао есеп ашты. Алғашқы тайм 1-0 есебімен аяқталды.
Екінші тайм “Қайрат” үшін сәтсіз басталды. Алғашқы минутта Феррао дубль авторы атанды. “Қайрат” командасы есепті қысқартқанымен Феррао келесі голын соғып хет-трик авторы атанды. “Қайрат” клубы барынша тырысқанымен есепті теңестіре алмай, тек бір доп айырмасына қысқарта білді.