18 қыркүйек, сенбі күні футболдан Olimpbet – Қазақстан чемпионатының жиырма бірінші турында нұрсұлтандық “Астана” өз алаңында “Ақтөбе” командасымен кездесті.
Ойынның нәтижесі 2-1 есебімен “Астана” клубының пайдасына аяқталды. Матч Нұр-Сұлтан қаласындағы “Астана арена” стадионында жанкүйерлер қатысуымен өтті.
Ойынның голдары матчтың алғашқы таймында соғылды. Алғаш болып 4 минутта Астана сапынан Бечирай есеп ашты. 12 минутта ақтөбелік Федин пенальтиден гол соға алмады. Есесіне Марин Томасов есепті 15 минутта еселеді. Ақ-қызылдар өздерінің алғашқы және матчтағы соңғы голды 19 минутта (Коркишко) салды.
Осылайша Андрей Тихонов жаттықтырған жігіттер 21 турдан кейін 47 ұпай жинап, кестеде 1 орында тұр. Ал, Ақтөбе командасы 24 ұпаймен 10 орында тұр. Келесі турда “Астана” командасы 27 қыркүйек күні өз алаңында “Тараз” командасына қарсы ойнайды. Ал, ақ-қызылдар 26 қыркүйекте өз алаңында “Жетісу” клубын қабылдайды.