Қарашаның 20-cы күні “Астана Аренада” өткен “Астана” мен киевтік “Динамо” арасындағы ойын қонақтардың пайдасына шешілді. Есеп 0-1. Бұл туралы kazaknews.kz тілшісі хабарлады.
Ойынның алғашқы минуттарында “Астана” қауіпті сәттерді жиі жасап алаң қожайыны екендігін дәлелдегендей болды. Алайда, жасанды алаңға бой үйретіп үлгерген Киевтік Динамо айласын асырып кетті. Есеп 0-1.
Екінші таймда мүмкіндік болғанымен екі жақ та мүлт кетіп жатты. “Динамолықтар” осы есепті ойын соңына дейін сақтай білді.
“Астана” командасы келесі ойынын 13 желтоқсан күні франциялық “Ренн” клубына қарсы өткізеді.