Астанада пара дзюдодан Азия чемпионаты өтеді

0
137
фото: inform.kz

28-30 сәуір күндері Астанада пара дзюдодан Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Құрлықтық біріншілікке Азияның 11 елінен 80-нен астам татами шебері қатысады. Атап айтқанда, Астана татамиінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Жапония, Моңғолия, Үндістан, Қытайлық Тайпей, Индонезия, Иран, Оңтүстік Корея және Тайланд спортшылары бақ сынайды. 

Аталған жарыста Қазақстан ұлттық құрамасынан J1 және J2 санаты бойынша 22 дзюдошы бақ сынайды.

«Азия чемпионатына дайындық тыңғылықты жүріп жатыр. Қазіргі таңда құрама Алматыда жарыс алдындағы соңғы қорытынды жаттығу жиынында шеберліктерін шыңдауда. Азия чемпионатына қатысатын спортшылар қатарында тәжірибелі балуандар да, жас спортшылар да бар.
Құрлықтық бәсеке өз елімізде өтетін болғандықтан жауапкершілік өте жоғары. Спортшыларымыздың физикалық, психологиялық тұрғыдан жағдайлары жақсы. Елордамызда өтетін жарыста құрамадағы әрбір спортшы нәтижелі күрес көрсетеді, ел намысын абыроймен қорғайды деп сенемін», – дейді пара дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Жандос Қиянов.

Азия чемпионаты Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Пара дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі:

Әйелдер

J2 -48 кг: Ақмарал Науатбек;
J1 -57 кг: Альфия Тілекқабыл, Дилором Диханова;
J2 -57 кг: Даяна Федосова;
J1 -70 кг: Динара Куджулова;
J2 -70 кг Диана: Бөлекова;
J1 +70 кг: Зәуре Айтек.

Ерлер

J1 -60 кг: Мұрат Мадинов, Темірболат Ташекенов; 
J2 -60 кг: Ануар Сариев;
J1 -73 кг: Ерғали Шамей, Асылан Нұрдаулетов;
J2 -73 кг: Олжас Оразалылұлы, Азамат Нокушев;
J1 -90 кг: Абылай Әділбеков, Бауыржан Арыстанбеков;
J2 -90 кг: Жанбота Аманжол, Ғалымжан Смағұлұлы;
J1 +90 кг: Ерлан Өтепов, Бағлан Оңалбек;
J2 +90 кг: Ерлан Конкиев, Талғат Ажғалиев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз