Қазақстан Азиада ойындарында үздік ондыққа кірді

0
106
Сурет: Азаттық радиосы

Қазақстан көркем гимнастика құрамасы Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында командалық жарыста чемпион атанды. Әлі мектепте оқитын спортшылар халықаралық жарыста алғаш рет алтын жүлдеге ие болды.

Бұл сында ел намысын Алина Әділханова, Даяна Әбдірбекова және Адиля Тілекенова қорғаған болатын. Біздің команда жалпы есебі 159.850 ұпай жинап, Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды. Екінші орында Өзбекстан, үшінші сатыда Оңтүстік Корея спортшылары.

Baq.kz ақпаратына сәйкес 7-ші алтынды қанжығаға байлаған Қазақстан жалпы есепте 10-шы орынға көтерілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз