Кеңес Рақышев Қазақстан бокс федерациясын басқаратын болды.
Осыған дейін бұл қызметтi Тимур Құлыбаев атқарды. Ол мүдделер қайшылығы болмас үшін қызметінен кетуді ұйғарған. Сондай-ақ, Құлыбаев отандық су спорты түрлері федерациясы басшылығынан да кетті.
⠀
Тимур Құлыбаевтың орнына федерация басшысы болып Кеңес Рақышев келді, конференция қатысушылары ол үшін бірауыздан дауыс берген.