Қазақстан футбол құрамасы Алматы қаласында Ұлттар лигасының топтық кезеңінің 2-турында Белоруссияны қабылдап, 1-2 есебімен ұтылды.
Бірінші таймда есеп ашылмай 0-0 болып аяқталды. Екінші таймда ойын жандана түсіп, 50-минутта Абат Айымбетов есеп ашты. Алайда ойыннан тыс қалғаны үшін гол есептелмеді. Араға 3 минут салып Белоруссия құрамасының қорғаушысы Максим Бордачев есеп ашты. Көп ұзамай ойынның 62-минутында шабуылшы Абат Айымбетовтің соққысынан кейін есеп теңесті. Алайда Ғафуржан Сүйімбаевтың алаң жиегінен допты лақтыру кезіндегі өрескел қателігінен кейін қосалқы құрамнан ойынға кірген Виталий Лисакович есепті еселеді. Қорытынды есеп 2-1 болып Қазақстан құрамасы өз алаңында жеңіліс тапты.
Топтағы паралелль өткен Албания мен Литва құрамаларының есебі 0-1 болып, Литваның қонақтағы жеңісімен аяқталды. Ұлттар лигасының 3-туры бойынша 11 қазан күні Қазақстан құрамасы өз алаңында Албания құрамасын қабылдайды.