Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасының мүшесі Илья Мизерных Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.
Алғашқы мүмкіндіктен соң Мизерных үшінші орынын сақтап қалды. Ал екінші мүмкіндікте нәтижесін жақсартып, кейін бірінші орынға шықты.
Екінші орында австриялық Никки Хамл, үшінші сатыда польшалық Лукас Лукащук.
Айта кетейік, Қазақстан бұған дейін қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль алмаған.