Қазақстандық биатлоншы допинг қолданғаны үшін жарыстардан шеттетілді

0
91
Спортшылардың допинг сынамалары.

Қазақстанның ұлттық допингке қарсы күрес орталығы анализ үлгілерінен тыйым салынған заттар табылып, жарыстардан шеттетілген спортшылардың жаңа тізімін жариялады. Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлады.

Ақпарат бойынша, қазақстандық биатлоншы Кристина Боровикованың анализінен мельдоний табылып, спортшы төрт жылға спорттан шеттетілген.

Боровикова 2018 жылы 26 желтоқсанда анализ тапсырған. Ол сол кезде Қазақстанның жасөспірімдер чемпионатында спринттен 25-ші орын алған еді. Оның жаза мерзімі 2019 жылдың 25 қаңтардан басталып, 2023 жылдың 25 қаңтарында аяқталады.

2016 жылы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) Ақмола облысында туған биатлоншы Игорь Криворчук анализінен мельдоний табылғаны үшін спортшыны төрт жылға спорттан шеттеткен.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік 2016 жылы мельдонийді спортшылардың қолдануына болмайтын дәрі-дәрмектер қатарына енгізген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз