Қазақстандық шаңғышы Alpen Cup турнирінде алтын алды

0
124
Алексей Полторанин.

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Словенияның Планице қаласында өтіп жатқан Alpen Cup турнирінде 15 шақырымға классикалық әдіспен жүгіру жарысында алтын медаль алды. Бұл туралы турнирдің ресми сайтында белгілі болды. 

Алексей Полторанин бұл қашықтықты 36 минут 31 секундта жүріп өтті. Күмісті эстониялық Карел Таммъярв (37:17.9), қоланы польшалық Доминик Бур (37:40.8) иеленді.

Alpen Cup халықаралық шаңғы спорты федерациясының жарыстарының аясына енеді.

Алексей Полторанин 2013 жылы Италияда өткен әлем чемпионатында 50 шақырымға классикалық әдіспен жүгіруде және командалық спринт жарысында қола медаль алған. Әлем кубогы кезеңдерінде оннан астам алтын алған. 2011 жылы Алматы мен Астанада өткен Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы. 2006, 2010, 2014 жылғы олимпиада ойындарына қатысқан. Ванкуверде командалық жарыста Николай Чебатькомен бірге бесінші орын алған.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз