Қазақстандық спортшы “Төрт құрлық чемпионатында” күміс медаль алды

0
227
Сурет: Olympic.kz

АҚШ-тың Анахайм қаласында мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан “Төрт құрлық чемпионатында” қазақстандық спортшы Элизабет Тұрсынбаева 207.46 ұпай жинап күміс медаль иеленді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

“Төрт құрлық чемпионатында” әйелдер арасындағы сында жапониялық Рика Кихира 221.99 ұпаймен жеңімпаз атанды. Үшінші орында 207.12 ұпай жинаған Жапонияның тағы бір спортшысы Маи Миахара.

АҚШ төрінде сәтті өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Бүгін мансабымда тұңғыш рет төрт айналымды сальховты орындауға тырыстым. Құлап қалсам да, соңына дейін айналдыра алғаныма қуаныштымын. Екі аптадан бері осы элементті еркін бағдарламада орындап, жаттыққан едім. Бір рет құлағаным болмаса, қалған секіру элементтерін ойдағыдай орындағаныма көңілім толды”, – деді Элизабет Тұрсынбаева.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз