Қазақстандық теннисші Рыбакина Australian Open-нен қанша теңге сыйақы тапты

0
72
Елена Рыбакина.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турнирінің жартылай финалына шығуы арқылы өзіне сыйақы ретінде 925 000 австралиялық долларға (300,8 миллион теңге) кепілдік берді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Спорт Шредингера телеграм арнасына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, ресейлік Анастасия Павлюченковамен жұптасып, Елена әйелдер арасындағы жұптық сайыстың 1/8 финалына жетті. Осылайша оларға сыйақы ретінде 67 250 австралиялық доллар (21,8 миллион теңге) берілген.

Жалпы алғанда, Australian Open-дегі Еленаның қазіргі таңдағы жүлдесі 958 625 австралиялық доллар, бұл теңгемен 311,8 миллионды құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы Australian Open жүлдесі рекордтық дәрежедегі 76,5 миллион долларды құраған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз