Қазақстандық таэквондошы Фариза Алдоңғарова Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында 53 килограмға дейінгі салмақ санатында қола жүлдегер атанды.
Жерлесіміз жартылай финалда Қытайдың Тайпэйінен барған Поя Суға есе жіберіп, қола медальды қанағат тұтты. Осы салмақтың алтын медалі Оңтүстік Корея спортшысы Ха Минаға бұйырды. Ол финалда Поя Суды жеңді. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 5 медальмен (1-1-3) әзірге тоғызыншы орында тұр.