Баландин Словениядағы жарыста төрт алтын иеленді

0
135
Дмитрий Баландин

11 наурызда Рио олимпиадасының чемпионы қазақстандық Дмитрий Баландин Словенияның Крань қаласында жүзуден халықаралық турнирде алтын жүлде иеленді. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

Жарыстың екінші күні ол жүз метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуде бәсекелестерінен озған.

Жүзудің осы түрінен әйелдер арасында қазақстандық Аделаида Пчелинцева екінші орын алды. Диана Назарова 50 метрге шалқалай жүзуде жеңімпаз атанды.

Жүзуден ерлер арасындағы 4×100 метрлік эстафетада Қазақстан құрамасы (Дмитрий Баландин, Александр Варакин, Әділ Қасқабай, Әділбек Мусин) алтын жүлде жеңіп алды. Әйелдер командасы (Анастасия Резванцева, Аделаида Пчелинцева, Диана Назарова, Алина Костенко) күміс медаль иеленді.

23 жастағы Дмирий Баландин Словениядағы турнирде бұған дейін 50 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуден жарыста алтын ұтып алған.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз