Дэвис кубогы: Қазақстан Нидерланды құрамасын жеңді

0
122

Мадридте өтіп жатқан Дэвис кубогы финалында Қазақстан құрамасы Нидерландыны жеңді. Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлады. 

Қазақстан құрамасы капитаны Диас Досқараев бастапқыда көзделген Андрей Голубев пен Александр Недовесовтің орнына Михаил Кукушкин мен Александр Бубликті шығарса, Нидерланды намысын Робин Хасе мен Жан-Жюльен Ройер қорғады.

Жұптық сынның ерекшелігі, мұнда шеберлік өз алдына, қос теннисші бір-бірімен түсінісіп, ойнай білуі тиіс. Бірінші партияда брейкпен алға шыққан қазақстандықтар сол басымдылығын сақтай алды – 6:4. Екінші патияда 7:6 есебімен алға шықты.

Осылайша қазақстандықтар Нидерланды құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Қазақстандықтардың келесі қарсыласы – Ұлыбритания құрамасы, онымен 21 қараша күні кортқа шығады. Ұлыбританиялықтарды ұтса, плей-офф кезеңіне жолдама алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз