Допинг сынағынан сүрінген «Канело» бокстан шеттетілді

0
111
дереккөзден

Допинг сынамасынан өте алмаған Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес арнайы комиссиясының шешімімен спорттан уақытша шеттетілді. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

Канело Невада штаты Атлетикалық комиссиясының (NSAC) шешімімен спорттан уақытша шеттетілді. Альварестің спорттағы мансабының бұдан әрі қалай болатындығы комиссияның оныншы сәуірде өтетін отырысында белгілі болады.

Сауль Альварес наурыздың бесінде Геннадий Головкинмен өткізетін реванш матчы алдында допинг сынамасынан құлаған болатын. Оның командасы «кленбутерол» препараты Альварестің ағзасына зарарлы ет арқылы енген болуы мүмкін деп ақталуда.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдық қыркүйегінде Головкин-Альварес арасындағы жекпе-жекте жеңімпаз анықталмаған еді. Жекпе-жек төрешілердің шешімімен тең дәрежеде аяқталған. Енді қос боксшы арасындағы екінші кездесу 5 мамыр күні Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena»-да өтеді деген жоспарда.

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес «Канелоның» допинг сынамасы әділ тергелетініне күмәнмен қарайтынын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ «GGG» «Канелоны» алғашқы жүздесуде де допинг пайдаланған болуы мүмкін деп айыптаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз