Ең көп айлық алатын он футболшының тізімі жарияланды

0
110

Танымал италиялық журналист Танкреди Палмэри Twitter парақшасында әлемдегі ең көп ақы алатын 10 футболшыны атады.

Ең жоғары жалақы “Барселона” шабуылшы Лионель Мессиде болды – жылына 40 миллион еуро алады. 31 миллион еуромен екінші орында – туриндік “Ювентус” шабуылшысы Криштиану Роналду тұр. Үздік үштікті франциялық “Пари Сен-Жермен” футболшысы Неймар қорытындылады, ол жылына 30 миллион еуро алады.

Тізімді жалғастыратын жапониялық “Виссел Кобе” клубының жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста (25 миллион), қытайлық “Шанхай Теллэйс” құрамасының жартылай қорғаушысы Оскар (24 миллион), ағылшын “Манчестер Юнайтед” шабуылшысы Алексис Санчес (22,5 миллион), мадридтік “Атлетико” шабуылшысы Антуан Гризманн (20 миллион), қытайлық “Шанхай СИПГ” командасының шабуылшысы Халк (20 миллион), қытайлық “Хэбэй Чайна Форчун” қорғаушысы Хавьер Маскерано (19 миллион) және Катар “Аль-Садд” клубының жартылай қорғаушысы Габи (19 миллион).

Қарашада CIES Football Observatory сарапшылары әлемдегі ең қымбат футболшыларды атаған. Онда бірінші орында Франция ұлттық құрамасының және ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе тұрды. 19 жастағы футболшы 201,2 миллион еуроға бағаланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз