«Ертіс» футбол клубы қайта құрылады ма?

0
161

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов әлеуметтік желіде банкрот болған «Ертіс» футбол клубының қайта құрылуы жөнінде хабарлама жазды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

«Бүгін әріптестермен бірге павлодарлықтардың бірнеше ұрпағы ойындарын тамашалап өскен, аты аңызға айналған футбол клубы, еліміздің бес дүркін чемпионы “Ертіс” футбол клубын жандандыру мүмкіндігін талқыладық», – дейді әкім.

“Ертістің” қайта құрылуы үшін павлодарлық әкім екі түрлі шешім бар екенін жазды:

  1. 3,1 млрд теңге қарызы бар және қазір банкроттық рәсімінен өтіп жатқан клубты қайта сапқа қосу.
  2. FIFA ережелері бойынша “Ертіс” ФК-ның толық құқықтық мирасқоры, оның ішінде ойыншылар мен жаттықтырушылар құрамы алдындағы 846 млн теңге мөлшеріндегі берешек бойынша өзіне міндеттемелер қабылдайтын, осы аттас жаңа клуб құру.

«Кеңес қорытындысы бойынша спорт басқармасына 10 күн ішінде демеушілік қаражатты тарта отырып, “Ертісті” жандандырудың оңтайлы нұсқалары бар Жол картасын әзірлеуді тапсырдым. Егер жоба мақұлданса, клубтың жұмысына жергілікті ойыншыларды тартуға баса назар аударылады», – дейді әкім Асайын Байхан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз