FIFA: Жылдың ең үздік ойыншысы анықталды

0
310
photo: FIFA / Роберт Левандовски - 2021 жылдың ең үздік ойыншысы

17 қаңтарда Цюрихте онлайн форматта өткен халықаралық футбол федерациясының (FIFA) жыл сайынғы үздіктерді марапаттау рәсімінде 2021 жылдың ең үздік ойыншысы “Бавария” шабуылшысы Роберт Левандовски атанды.

Левандовски 2020 жылы ФИФА нұсқасы бойынша жер шарының ең мықты футболшысы атанды. 2021 жылы “Алтын бутсы” марапатын да қоржынына салды. Бұдан бөлек Левандовски Польша құрамасының тарихындағы ең үздік сұрмерген болып табылады. Ол өз елінің сапында 128 матч өткізіп, 74 гол соққан.

Номинациялар тізімі бойынша:

  • 2021 жылдың ерлер арасындағы үздік қақпашы: Эдуар Менди (Челси ФК)
  • “Puskás” – ең үздік гол авторы: Эрик Ламела (Тоттенхэм Хотспур ФК)
  • 2021 жылдың ерлер арасындағы үздік жаттықтырушы: Томас Тухель
  • 2021 жылдың ең үздік жанкүйерлері: Финляндия және Дания жанкүйерлері
  • 2021 жылдың әйелдер арасындағы үздік ойыншысы: Алексия Путельяс (Барселона ФК)
  • 2021 жылдың әйелдер арасындағы үздік жаттықтырушы: Эмма Хейз 
  • 2021 жылдың әйелдер арасындағы үздік қақпашы: Кристиана Эндлер (Олимпик Лион ФК)
  • 2021 Fair Play: Дания құрамасы
  • FIFA арнаулы сыйлығы: Криштиану Роналду (ұлттық құрамалар арасында ең көп гол соққан шабуылшы; 184 матчта 115 гол)
  • FIFA арнаулы сыйлығы: Кристин Синклер (халықаралық деңгейде әйелдер футболының тарихында ең көп гол соққан шабуылшы)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз