Forbes журналы жылдық табысы жоғары 10 футболшыны атады

0
208

Forbes журналы жылдық табысы ең жоғары футболшылар рейтингін жариялады. Көктемгі карантин кезіндегі футболшылардың жалақысы төмендеуін есепке алмай алғашқы ондықтың табысы 570 миллион АҚШ долларын көрсеткен.

Журнал рейтінгін жылдық табысы 126 миллион доллармен (айлығы – 92 миллион доллар) Лионель Месси бастап тұр. Екінші орында 117 миллион доллар табыспен (айлығы – 70 миллион доллар) Криштиану Роналду тұр. Үшінші және төртінші орында франциялық “Пари Сен-Жермен“ клубының шабуылшылары, Неймар жылдық табысы 96 миллион доллар (айлығы – 78 миллион доллар) және 21 жасар Мбаппе жылдық табысы 42 миллион доллар, (айлығы – 28 миллион доллар) тұр. Алғашқы бестікті Мысырлық Мұхаммед Салах жылдық табысы 37 миллион доллармен (айлығы – 24 миллион доллар) аяқтады. Қалған ондыққа кіретіндер:

  1. Поль Погба (Франция, “Манчестер Юнайтед”) – $34 млн,
  2. Антуан Гризманн (Франция, “Барселона”) – $33 млн,
  3. Гарет Бейл (Уэльс, “Реал”) – $29 млн,
  4. Роберт Левандовский (Польша, “Бавария”) – $28 млн,
  5. Давид де Хеа (Испания, “Манчестер Юнайтед”) – $27 млн.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз