Осыдан 20 жыл бұрын француз құрамасының сол уақыттағы капитаны Дидье Дешам басымен әлем чемпионатының кубогын жоғары көтерген еді, алдағы бес күннен кейін Дешамның тарихта тағы да атын қалдырға мүмкіндігі бар. Бұл жолғы турнирде ұлттық құраманың жаттықтырушысы Дешам француз құрамасының финалға шығуына қолғабыс етті.
Финалға шығу үшін француздар бельгиялықтармен табан тіресті. Француз құрамасын алға шығарған – Самюэль Умтити, аталған матчтағы жалғыз гол иегері. “Қызылдар” соңына дейін күресті, бірақ “көктерді” жарға жығу мүмкін болмады.
💪🏾🇫🇷On est en finale! #FiersdetreBleus #WorldCup pic.twitter.com/0VswFW8QaP
— Samuel Umtiti (@samumtiti) July 10, 2018
БАҚ таратқан ақпарға сәйкес, бұған дейін француз басшы Эммануэль Макрон құрама жартылай финалға шығатын болса, Ресейдегі матчқа келетінін айтқан еді. Елисей сарайының басшысы сөзінде тұрды. Трибунада тұрған Макрон эмоциясын жасырмады. Себебі, бельгиялықтар мен француздықтар арасындағы тартысты ойында жеңіс – француздардікі.
Француз құрамасындағы ең жас футболшы -19 жастағы Килиан Мбаппе. Есесіне, құнды ойыншы, бір ойын құны – 120 миллион еуро.