Футбол: Ағылшын премьер лигасында ауызашар кезінде матч тоқтатылды

0
201

27 сәуір күні Англия премьер лигасының 33 туры аясында “Лестер сити” командасымен “Кристал Пэлас” клубтары арасындағы матчтың 35 минутында ойыншылар ауыз ашып алуы үшін төреші үзіліс жасады.

Рамазан айында ораза ұстап, матч кезінде ауыз ашқандар – “Лестер” клубының қорғаушысы Уэсли Фофана және “Кристал Пэлас” клубының қорғаушысы Шейку Куяйте. Тіпті матчтан кейін Уэсли Фофана өзінің твиттер парақшасында Ағылшын премьер лигасы ұйымдастырушыларына және қарсылас командаға осындай сәт үшін алғыс білдірді.

Бұндай жағдай ағылшын премьер лигасының тарихында алғаш рет болған. Ал, матч 2-1 есебімен “Лестер” клубының жеңісімен аяқталды. Осылайша 33 турдан кейін “Лестер Сити” клубы 3 орында, ал “Кристал Пэлас” командасы 13 орында тұр.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз