23 наурызда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Словенияға есе жіберді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Қазақстан – Словения матчы «Астана Арена» стадионында өтті. Кездесу жергілікті уақыт бойынша 21:00-де басталды. Қазақстандықтар бірінші таймда есеп ашып, алға шықты. Голдың авторы ақтөбелік Максим Самородов болды. Алайда екінші таймда словениялықтар камбэк жасап 1:2 есебімен жеңісті жұлып әкетті.
2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчында енді Қазақстан 26 наурызда Дания құрамасын қабылдайды. Ойын сағат 19:00-де басталады.