Футбол ережелері өзгереді

0
646

Халықаралық футбол ассоциациялары кеңесі (IFAB) футбол ережелеріне қатысты өзгерістер жасады. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында жарияланды.

Бірінші өзгеріс қолдың допқа тиюіне қатысты. Егер гол соққан футболшы білместіктен қолмен ойнаса, ережені бұзған болады.

Екіншіден, алмастырылған ойыншы жақын бұрыштағы сызық арқылы алаңды тастап кетуі керек. Қазіргі уақытта футболшылар тек қосалқы ойыншылар отыратын орын жаққа қарай алмастыруға шығады.

Үшіншіден, шабуылшы команданың футболшыларына айып соққысын орындау кезінде қорғанушы команданың қабырғасына тұруға тыйым салынады. Бұл ретте олар өз қабырғасын тұрғыза алады.

Төртіншіден, 11 метрлік айып добын орындауға қатысты. Енді қақпашы қақпаның сызығына тек бір аяқпен ғана тиеді.

Сондай-ақ, сары және қызыл қағаздар енді жаттықтырушыларға да  жарамсыз мінез-құлық және басқа да ереже бұзушылықтар үшін беріледі. Ал, доп төрешіге тигеннен кейін даулы доп тағайындалады. Өзгерістер 2019 жылы жазда күшіне енеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз