Футболдан Қазақстан құрамасы Францияға ірі есеппен жеңілді

0
77
Photo: archysport.com

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Франциядан 0:8 есебімен ұтылды. Кездесу Париждегі “Парк де Пренс” стадионында өтті. Бұл Қазақстанның ресми ойындардағы ең ірі жеңілісі.

Ойын басталар алдында Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері баспасөз мәслихатын өткізді. Бас бапкер ұлттық құрамадағы негізгі ойыншының бірі Бақтиер Зайнутдинов қана емес, тағы бірқатар футболшының жарақат алғанын айтқан.

“Бізде тек қана Зайнутдинов қана емес, Ян Вороговский мен Георгий Жуков, Сергей Малый мен Азат Нұрғалиевтердің де жарақаты бар екенін айтайын. Сосын, Логвиненконың да кішігірім жарақаты бар екен. Рамазан Оразовтың аяғы қатты ауырып, дәрігер бұл футболшыға сенім артпай-ақ қойыңыз деп айтты”, — делінген бас бапкердің құрамының ресми сайтында жарияланған сұхбатында.

Байсуфинов Францияның қапталдағы шабуылын тоқтату мүмкін болмағанын жеткізді.

“Финляндия Боснияны жеңіп кетті де, Францияның келесі ойыны қатты қиындап кетті. Сондықтан бізге қарсы матчта олар қолынан келгеннің бәрін жасады. Көп жағдайда қазақстандық футболшылар қобалжып, аяқтағы добынан айырылып жатты. Біз бұл мәселемен жұмыс істеуіміз керек. Маған бұл ойын ауыр тиді. Әлбетте, ірі есеппен жеңілген ешкімге де ұнамайды, – деді ұлттық құраманың бас бапкері

Франция құрамасы қазақстандық футболшыларды 8:0 есебімен жеңді. Матчта Килиан Мбаппе Франция сапындағы алғашқы покерін жасады. Одан бөлек, Карим Бензема екі гол соқса, Гризманн мен Рабьо да бір-бір голмен есепті еселеді. Өкінішке қарай, Қазақстан сегіз ойында үш ұпай жинап, топты соңғы орынмен аяқтады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз