19-20 қыркүйекте футзалдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанға қарсы екі жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқу-жаттығу жиыны 12 қыркүйек күні басталады. Қос ойын да Ақтау қаласындағы «Халық Арена» спорт кешенінде өтеді. Бас бапкер Рикардо Кака матчқа қатысатын ойыншылар тізімін жариялады:
Қақпашылар:
- Игита (Қайрат)
- Нарун Серіков (Қайрат)
- Ақжол Қайратұлы (Каспий)
Алаңдағы ойыншылар:
- Дуглас (Қайрат)
- Дәурен Нұрғожин (Қайрат)
- Шыңғыс Есенаманов (Қайрат)
- Біржан Оразов (Қайрат)
- Дәурен Тұрсағұлов (Қайрат)
- Альберт Ақбалықов (Қайрат)
- Эдсон (Қайрат)
- Тайнан (Эль-Посо)
- Арнольд Кнауб (Каспий)
- Райымбек Жұма (Каспий)
- Жаһангер Рашит (Каспий)
- Азат Валиуллин (Аят)
- Әбдірасул Әбдіманапұлы (Аят)
- Евгений Кошкин (Астана)
Жаттықтырушылар штабы:
- Рикардо Кака – бас бапкер
- Серік Үнбаев – бас бапкердің көмекшісі
- Григорий Шамро – қақпашылар жаттықтырушысы
- Тьяго Дуарте Вийера – физиотерапевт