Гимн екі рет ойнамай қалса да, біз қайтадан айттық

0
129

Үндістанның Бангалор қаласында су спорты түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына қатысқан қазақстандық спортшылар оралды.

Бұл чемпионат еліміздің намысын қорғаған ватерполшы қыздарымыздың гимнді жанды дауыста айтуымен есте қалды.

“Гимн ойнамай қалды. Өзіміз айтып бастадық. Патриотпыз ғой. Әр ұлт өзінің гимнін білуі керек. Біз өзіміздің гимнімізді білетінімізді көрсеттік. Ұйымдастырушылар соңғы күн айтқан әнұран ойнайды деп. Әнұран ойнаған жоқ. Біз өзіміз қайтадан айттық. Үшінші орын алғанымызға қуанамыз. Енді келесі жолы бірінші болуға ұмтыламыз. Ойын өте қиын болды. Өйткені біздің командамыз өте жас. 2004-2005 жылғы адамдардан тұрады. Осы адамдармен үшінші орын алғанымызға қуанамыз”- деді команда мүшесі Наурызбаева Камилла.

Еліміздің абыройын өзге елде өсірген спортшы қыздарымызды мемлекет тарапынан да сый- сыяпаттармен бағаланатынын айтып өтті.

“Біз Жас Отан тарапынан осындай үлгі көрсеткендігі үшін отансүйгіштігін тек қана сөзімен ғана дәлелдеп қоймай, іспен де көрсете білгендігін елден қанша алыс жүрсе де жүректерінде біздің ел, әнұран жүретіндігі үшін біз оларды құрметтеп өз тарапымыздан алғыс хаттарымызды табыстайтын боламыз”- деді Дәулет Кәрібек “Жас Отан” жастар қанатының төрағасы.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз