Ұлттық хоккей лигасында “Нью-Йорк Айлендерс” клубының канадалық қорғаушысы Джонни Бойчак “Бостон Брюинс” командасында өнер көрсететін қарсыласының тісін мұз бетінен тауып берді.
Бұл оқиғаның видеосын журналист Брэди Троттенеро Twitter желісіндегі парақшасында жариялады. “Брюинс” сапында өнер көрсететін чехиялық сұрмерген Давид Крейчи ойын үстінде “Айлендерс” қорғаушысы Тамас Хикимен соқтығысып, бір тісінен айрылды. Бойчак мұз үстінде жатқан тісті алып, қарсыластары отырған бұрышқа барып, тісті иесіне қайтарып берді.
David Krejci loses a tooth after a big hit, ex-Bruin Johnny Boychuk returns it to the Boston bench pic.twitter.com/L0P13o8JFZ
— Brady Trettenero (@BradyTrett) November 30, 2018
24.kz хабарлауынша, ойын 2:1 есебімен “Брюинс” пайдасына шешілді. 34 жастағы Бойчак 2008-2014 жылдары аралығында “Брюинс” командасының намысын қорғаған. Крейчи бостондық клубта 2006 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.