Дубайда өткен Al Maktoum Challenge турнирінің бірінші топтағы үздік аттар бәйгесінде қазақстандық Тілек Мұхамбетқалиевтің тұлпары Кабирхан мәреге бірінші жетті.

Батыс Қазақстан облысы бәйге федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық сәйгүліктің қарсыластары қатарында былтырғы окс чемпионы Мими Какуши және классиканың үздіктері Атлетико Эль Кулано, Клэптон, Фёрст Конститьюшен, Милитари Ло болған.

Бәйгеде 12 тұлпар бақ сынады.

Енді Кабирхан наурыз айында Дубайдағы бүкіләлемдік кубокта бақ сынайтын болады.

Кабирхан – атақты Калифорния Хром атты сәйгүліктің ұрпағы. Әкесі Калифорния өз тарихында Дубай чемпионы болған тұлпар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз