«Канело» допингпен ұсталды

0
104

Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес қазақстандық боксшы «GGG» Геннадий Головкинмен екінші жекпе-жегі қарсаңында допинг сынағынан өте алмады. Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Бұл хабарды мексикалықтың Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы растады. Сондай-ақ, Boxing Scene басылымы мен басқа жерлерде де осындай ақпарат жарияланды.

Сауль Альварестің допинг-сынамасынан «кленбутерол» атты препарат табылған. Бұл дәрі адамның бұлшықет массасын өсіруіне және майды жоюына көмектеседі. Спорттан тыс бұл препарат жануарларды семіртуде қолданылады.

Golden Boy мәлімдемесінде Альварестің ағзасына бұл препарат зарарлы ет арқылы енген болуы мүмкін делінген. Тап осы жолмен соңғы кездері ондаған спортшының ағзасына кленбутерол еніп кеткен. Мұны Солт-Лейк-Ситидегі SMRTL зертханасының директоры Дэниэль Айкнер де растады.

Допинг сынағын сәтсіз аяқтағаннан кейін Сауль Альварес: «Мен спортты құрметтейтін спортшымын. Болған жайт мені таңғалдырып, уайымға салды. Себебі мұндай жайтты ешқашан бастан кешкен емеспін. Бұл келеңсіз жайтты анықтай алатын барлық тестілерді тапсыратын боламын. Және соңында ақиқаты ашылады деген үміттемін», – деп мәлімдеді.

Еске сала кетейік, «GGG» мен «Канелоның» қарымта кездесуі 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді деп жоспарланған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз