Kazaknews футзал командасы БАҚ лиганың қола жүлдегері атанды

0
369

Qazaq radiosy-ның 100 жылдығына арналған футзалдан Baqleague журналистер лигасында Kazaknews командасы Б тобының қола жүлдегері атанды.

Биыл 5 желтоқсанда басталып 4 айға созылған жарыстың “В” лигасында “Еуразия+ОРТ” командасы топ жарды. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің командасы күміс медаль иегері атанды. Үздік үштікке “Kazaknews.kz” командасы кірді.

А тобында “Қазмедиа” чемпион атанса, “7 арна” күміс, қола жүлде “National Geographic Qazaqstan” командасына бұйырды.

Марапаттау рәсіміне “БАҚ лига қоғамдық қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы және “Хабар Агенттігі” АҚ Басқарма төрағасы Берік Уәли, ҚР Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, “Qazaq radiolary” ЖШС-нің бас директоры Ернұр Бурахан, “7 арна” телеарнасының бас директоры Ерлан Игісінов, ҚР Мемлекеттік хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ержан Байтілес және “Қазмедиа” орталығы” бас директорының орынбасары Қанат Қасымжанов қатысты.

“Хабар Агенттігі” АҚ Басқарма төрағасы Берік Уәли.
ҚР Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп.
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан.

Qazaq radiosy-ның 100 жылдығына арналған Baqleague журналистер лигасына А және Б тобында 13 команда бақ сынады.

БАҚ лига – жылына екі рет өтетін журналистер арасындағы футбол жарысы. Алғаш 2016 жылы 10 желтоқсанда ұйымдастырылған. Бұған дейін қысқы және жазғы маусымы 10 рет өтті.  

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз